2021 жыл 2-12 ақпан аралығында дәстүрлі «Өзін- өзі тану  - махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік өтті.Онкүндік жоспарына сай,аудан мектептері іс- шаралар ұйымдастырды.Онкүндіктің алғашқы күні «Барлығын жүрегіңмен өлше» атты ашық сабақтар өткізуменбасталса,«Өзін- өзі тану»адамгершілік- рухани білім беру бағдарламасы авторының қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі, «Рух батыры», «Бақыт үйі» атты шығғармашылық жобалар байқауы,«Махаббат жолындағы өмір» атты өзін- өзі тану сабағы,  «Жақсылық сәулесі» шығармашылық акциясымен жалғасын тапты.Білім беру ұйымдарында  «Өзін- өзі тану» адамгершілік- рухани білім беру бағдарламасының авторы туралы фильмдер көрсетілсе, «Алтын жүрек» челенджі(құттықтау бейнеролигін дайындау), ата- аналарға арналған «Отбасы адамгершілік пен руханияттың қайнар көзі» тренингтер, «Адамгершілік пен руханилықтың хрустальды көктемі» тақырыбында оқушылар щығармашылығыныңфестивалі, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Онкүндікте өткізілген шаралар білім беру мекемелерінің әлеуметтік желі парақшасына жарияланып отырды.Шараларды өткізу арқылы оқушы жүрегіне адамгершілік, мейірімділік,қамқорлық жасау дағдыларын дамыту, өзара көмек көрсету, сүйіспеншілікпен ізгі қасиеттерді, рухани жан дүниесін байытуға септігін тигізді.