2021жыл 12 ақпан күні аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті мамандықты сәтті таңдау мақсатында әдіскерГ.Искакова «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты сырттай байқау өткізді.Шара қорытындысымен Тасшағыл орта мектебнің11 сынып оқушысы М.Серікқали «Осындай  мамандық бар» номинациясы бойынша презентациясы, Мұқыр орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ә.Амангелдінің  «Мен мамандықтар әлемінде» номинациясы бойынша(ағылшын тілі) эссесі, Б.Аманшин  атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларының «Мамандық кеше, бүгін, ертең»(вайндар  байқауының )бейнеролигі озық деп танылып, облыстық форумға ұсынылды.«Мен мамандықтар әлемінде» номинациясы бойынша Тасшағыл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қ.Еңсептің(қазақ тілінде) эссесі жүлделі  II орынға, Мұқыр орта  мектебінің  9 сынып  оқушысы   А.Қожағалидың (орыс тілінде)  эссесі   жүлделі

 III орынды иеленді.