2020 жылдың 12 наурыз күні Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназия базасында «Сабақты зерттеудің үздік тәсілдері» тақырыбында тірек мектебі Б.Аманшин орта мектебінің ұйымдастырумен серіктес мектептер арасындағы шығармашылық жұмысты қорғауға арналған аудандық семинар болып өтті.

Бұл семинарға Ы.Шөреков атындағы мектеп - гимназиясы, Х.Досмұхамедұлы мен Миялы орта мектебі  ұжымы қатынасып өз жұмыстарын қорғап, сабақ өткізді. Аудандық семинарға  Қарабау орта мектебінен 3-4 мұғалім  тәжірибе алмасу мақсатында  қатынасты.

Бұдан кейін де қалған серіктес мектептермен 4 тоқсанды жұмыстар ұйымдастырылатын болады.