Қызылқоға ауданы мектептерінде 2020 жыл  03-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікке байланысты іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыстар ұйымдастырылды. Онкүндікке «Әлемге сүйіспеншілікпен қараймыз» атты қолөнер, сурет  көрмесі, «Алтын жүректі анамыз» атты мәнерлеп оқу, «Қайырымдылық- жер бетінде» флешмоб, «Жүректен- жүрекке» қайырымдылық акциясы, «Сүйіспеншілік- өмір негізі» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Онкүндік  соңында «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады», «Мейірімге толы әлем» тақырыбында концерттік бағдарламамен мұғалімдер балалармен бірге жақсы тілектер айтып, мерекелік шарамен жабылды.Онкүндікте өткізілген шаралар күн сайын ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Facebook әлеуметтік желісі парақшасына жарияланды. Онкүндікте өткен іс- шаралар аясында әр оқушы жүрегіне адамгершілік, мейірімділік сезімін,өзара көмек көрсету, қамқорлық жасау дағдыларын дамыту,бір- біріне деген сүйіспеншілікті,достықты берік ұстауға, ізгілік қасиеттерді бойларына сіңіріп, рухани жан дүниесін байытуға  зор септігі тиді.