Аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен  Қазақстан еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру мақсатында 2020 жыл 07 ақпан күні аудандық «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты байқауға мектеп оқушылары қатысты. Осы байқаудан үздік деп танылған Кенбай, Қаракөл орта мектебінің оқушылары облыстық форумға жолдама алды. 14 ақпан күні өткен облыстық форумнан Кенбай, Қаракөл орта мектебінің оқушылары II,III дәрежелі дипломмен марапатталды.