2020 жыл 20 ақпан күні Аудандық әдістемелік орталықтың Өзін-өзі тану пәні және эстетикалық бағыттағы әдіскері Г.Искакованың ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп базасында 9-11 сыныптар арасында «Өзін-өзі тану» республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиада эссе жазу және жағдаят шешу кезеңдерінен тұрды. Аудан мектептерінен 39 оқушы қатысып, өз білімдерімен сынға түсті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша аудандық әдістемелік орталықтың I дәрежелі дипломымен

1.А.Ержанова-Б.Аманшин атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы;

2. Д.Тулегенова-Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясының 10 сынып оқушысы;

3. С.Қайрат-Тасшағыл орта мектептің 11 сынып оқушысы марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. 26 ақпан күні «Өзін-өзі тану» республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп, қорытындысы бойынша Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығының III дәрежелі дипломымен С.Қайрат- Тасшағыл орта мектебінің 11 сынып оқушысы,  I дәрежелі дипломмен Д.Тулегенова-Ы.Шөреков атындағы мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы  марапатталып, республикалық олимпиадаға жолдама алды.