Келешек ұрпақтың бойына отбасы – баланың ең алғашқы ұжымы екенін, отбасы ұғымының кеңдігін ұғындыру, ұлтық тәрбиенің рухани-адамгершілік қасиетін жеткізу мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында «Менің отбасымның бағы-елімнің мәртебесі» атты байқау аудандық әдістемелік орталық базасында  2020 жылы 17 қыркүйек күні сырттай бағытта өткізілді. Сырттай байқаудың сараптау комиссиясының шешіміне сай, Асхат Жігер – Х.Досмұхамедұлы ат. орта мектептің  11 сынып оқушысы, Болат Ақнұр- Ш.Т.Еркінов ат. орта мектептің 9 сынып оқушысы, Бошан Аружан - Ш.Т.Еркінов ат. орта мектептің 9 сынып оқушысы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен Кәрім Әлия- Кенбай орта мектебінің 8 сынып оқушысы, Нұралықызы Асыл- Ғ. Сланов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы, Еңсеп Қорлан-Тасшағыл орта мектебінің 11 сынып оқушысы марапатталды.

Жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Өтеуғали Ару- Ы.Шөреков ат. мектеп гимназиясының  9 сынып оқушысы, Асқарқызы Гүлназ- Х.Досмұхамедұлы ат. орта мектептің  10 сынып оқушысы, Нұрлыбекқызы Ақбота- Х.Досмұхамедұлы ат. орта мектептің 10сынып оқушысымарапатталды.

І дәрежелі дипломмен Бөкен Майра- Сағыз орта мектебінің 10 сынып оқушысы, Кереев Әлихан-Миялы орта мектебі 10 сынып оқушысы, Нысанбаева Гүлім- Х.Досмұхамедұлы ат. орта мектептің 10 оқушысы марапатталды.  1 орын алған оқушылардың жұмысы облыстық кезеңге жолданды.

     21 қыркүйек күні өткен облыстық кезеңіне қатынасқан оқушыларымыздың жұмысы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иемденді.