«Кітапхана  жұмысында  заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбындағы  аудандық  семинар

2021 жыл

Қызылқоға ауданы   аудандық әдістемелік орталықтың жоспарына сай, 2021 жылдың  наурыз айында  мектеп кітапханашыларына арналған  «Кітапхана  жұмысында  заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында  ZOOM платформасында  мектеп  кітапханашылар арасында семинар  өтті.Семинар  мақсаты қазіргі уақытта білім беруге  басты талап – ол жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті  терең білімді  жеке тұлғаны  қалыптастыру . Осы талапты орындау-кітапханашының  қызметіне оның шығармашылығына байланысты   Кітапханашы  өз жұмысына  жаңаша көзқараспен , ізденіспен қарап, ғылыми түрғыда  зерделеп ұйымдастыру нәтижесінде ғана тиісті нәтижеге жететіні  анық. Сондықтан  кітапханашыға  өзінің іс – тәжірибесін  дамытуға  мүмкіндік тудыратын  ортаны қалыптастыру маңызды .Семинар барысында әдістемелік орталықтың кітапхана ісі жөніндегі әдіскер К.Бисенбаева «Кітапхана жұмысында басшылыққа алынатын құжаттар жұмыс жүргізу» жайы туралытолық таныстырылып өтті.Ғ.Сланов орта мектеп кітапханашысы Қойшыбаева Сәнімгүл «Кітапханада  көпшілік іс-шараларды  ұйымдастырудың түрлері»  тақырыбында іс-тәжірибесімен,Қаракөл орта мектеп кітапханашысы Суатова Лида «Оқу мәдениетін қалыптастыруда жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану»тақырыбында сөз қозғап,презентациялады.Семинар соңында кітапханашылар ой бөлісіп,пікір алмасты.Семинарда  шығармашылық жұмыстарын баяндаған кітапханашылар  әдістемелік орталықтың «Алғыс хатына»ұсынылды.