Аудандық  әдістемелік  орталық   базасында 12 – 13 сәуір   аралығында  «Білім  жолымен»  атты мектепалды даярлық балаларына  арналған  аудандық олимпиадасы  ZOOM  платформасында  онлайн  режимінде ұйымдастырылды.

   Аудандық байқауға қатысуға  13 тәрбиеленуші қатысып, әр баланың  интеллектуалдық  қабілеттері,  шығармашылық  әуелеті  мен білімдері сыналды.

    Олимпиаданың  3 номинациясы  бойынша балалар тапсырмалары орындады.

   «Бәрін білгім келеді» номинациясы – (айналамен таныстыру, тіл дамыту, көркем әдебиет бағытында) балалардың  ой-өрісінің қаншалықты дәрежеде екендігін анықтайтын тапсырмалар беріліп, балалардың жұмыстары талданды.

   «Ойлан, тап» номинациясы (математика бағытында) балалардың танымдық қабілетін анықтауға бағытталған тапсырмалар орындап, есептер шығарды.

   «Біз мектепке барамыз» номинациясы (сауат ашу, математика, бейнелеу бағытында) мектепке білім алуға жан-жақты дайындығын анықтаудағы тапсырмалар беріліп, балалардың жұмыстары сараланды.

   Олимпиадаға  қатысқан  тәрбиеленушілер жақсы дайындықпен  келген, берілген тапсырмаларды  орындап сұрақтарға  жауап берді.

   Әр номинация бойынша білімдерін сынаған тәрбиеленушілердің жұмыстарын қорытындылай келе, әділқазылар шешімімен  орындаған  тапсырмаларын бағалау нәтижесінде, аудандық әдістемелік орталықтың «Ойлан тап» номинациясы бойынша  Серік Дария – «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиеленушісі  І  дәрежелі,  Берік Дарын -  Қарабау орта мектебінің тәрбиеленушісі  ІІ  дәрежелі, Ерланқызы Айару - Тасшағыл орта мектебінің тәрбиеленушісі  ІІІ дәрежелі, Абзалұлы Нартай – Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының тәрбиеленушісі  ІІІ дәрежелі  дипломмен  және сыйлықтармен марапатталды.

    Байқауға белсене қатысқан «Нұр-шуақ» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиеленушісі Жаңай Алихан мен  Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің тәрбиеленушісі Ғани Нұрасыл, Кенбай орта мектебінің тәрбиеленушісі Кенжебай Дидар аудандық әдістемелік орталықтың алғыс  хатымен  және сыйлықтармен марапатталды.

    «Біз мектепке барамыз» номинациясы бойынша, Талмасұлы Нұрмұхан – Жаңашаруа орта мектебінің тәрбиеленушісі  І  дәрежелі, Рахымберлі Айсезім – Миялы орта мектебінің тәрбиеленушісі ІІ дәрежелі дипломмен және Айжарық Ерқанат –Ш.Еркінов атындағы орта мектебінің тәрбиеленушісі аудандық әдістемелік орталықтың алғыс хатымен  және сыйлықтармен марапатталды.

     «Бәрін білгім келеді» - номинациясы бойынша, Жәкеш Іңкәр  - Қаракөл орта мектебінің тәрбиеленушісі  І  дәрежелі,  Ердаулет Мұхаммед –  Сағыз орта мектебінің тәрбиеленушісі  ІІІ дәрежелі дипломмен  және сыйлықтармен марапатталды.

     Байқаудың   қорытындысы   бойынша   әр номинациядан жүлделі 1 орын алған тәрбиеленушілер облыстық байқауға  ұсынылды.