Жаңартылған білім беру  мазмұнын игеру, балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша баланың даму көрсеткішін анықтау мақсатында  «Жаңартылған білім  мазмұнын  жүзеге  асыруда индикатордың  ролі» тақырыбында 2020 жылдың 6 сәуірде ZOOM платформасында  мектепке дейінгі ұйымның шағын  орталық тәрбиешілеріне   арналған   аудандық   семинар   өткізілді.

Семинар барысында жаңартылған курсты оқыған № 9 орта мектептің  мектептің шағын орталық тәрбиешісі Тажигулова Нургул  «Жаңартылған бағдарлама арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру» тақырыбында курстан хабарлама жасаса, «Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі Есбаева Алмагул   «Мектепке дейінгі ұйымда жаңартылған бағдарламаны енгізу» тақырыбында  шебер сынып ұйымдастырды. «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі Сейткалиева Маншук «Мектеп жасына дейінгі балаларда 4 К бойынша негізгі құзіреттерді қалыптастыру» тақырыбында өз іс-тәжірибесінен жұмыстар ұйымдастырып әріптестеріне түсінік беріп өтті.

Семинар қорытындысында, тәрбиешілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.