«Үздік әдіскер – 2020»

 

 

«Үздік әдіскер» байқауы аудандық әдістемелік орталық базасында  2020 жылы     15 қазан  күні  өткізілді. Байқаудың  мақсаты: әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы барлық  деңгейдегі   үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру, қолдау. Әдіскерлердің жұмыстарын сараптап, бағалау үшін қазылар құрамы құрылып, жұмыс жасады. Қорытындысында Аудандық «Үздік әдіскер» байқауына қатынасып, шығармашылық қабілетін көрсете білген кітапханашы Бисенбаева Күнсұлу мен ақпараттық – технология әдіскері Даулетова Гүлмира  әдістемелік орталықтың жүлделі ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.Аудандық «Үздік әдіскер»  байқауына қатынасып,  өзінің зерттеушілік  ізденісі мен іскерлігін көрсете білген шығармашылық бағытындағы әдіскер Нұрғалиева Жаншат ІІ дәрежелі дипломмен, аудандық «Үздік әдіскер»  байқауына  қатынасып, жоғары деңгейдегі жұмыс көрсеткіші үшін мектепке дейінгі әдіскер Беркенова Зылиха І дәрежелі дипломмен марапатталып, жұмысы облыстық кезеңге қатынасуға жолдама алды. Сонымен қатар өзіндік белсенділігімен көзге түскен гуманитарлық бағыттағы әдіскерлер: А.Қапезова мен жаратылыстану бағытындағы әдіскер – Қ. Жарылғағанов аудандық әдістемелік орталықтың «Алғыс хатымен» марапатталды.