«Музыка пәнін  қашықтан оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері» тақырыбындағы аудандық семинар.

 

Аудандық әдістемелік орталық жоспарына сай, 2021 жыл 30 сәуір күні сағат 10.00-де ZOOM платформасында музыка пәнін қашықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік  қолдау көрсету мақсатында «Музыка пәнін қашықтан оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері» тақырыбында музыка пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар онлайн режимінде өткізілді.

 

Семинарға аудан мектептерінің сұранысы бойынша 14 музыка пәні мұғалімдері қатысты. Семинарды аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Г.Искакова ашып, мұғалімдерге «Жоғары сапалы байланыс және электрондық құжаттамасын жүргізу  үшін «бұлттық қызметтерді пайдалану» тақырыбында презентация көрсетіп, gmail.com электронды поштамен жұмыс жасау, жедел хабар алмасу, құжаттарды сақтау жолдары, тест тапсырмаларын дайындау т.б жолдарымен таныстырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.

 

Кенбай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі А.Қарабалина «Музыка пәні – талғамды дамытудың негізі» тақырыбы бойынша іс- тәжірибесімен, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Ә.Лесова «Қашықтан білім беру жағдайында музыка пәнінде АКТ- ны пайдалана отырып, бейнередакторларарқылы бейнесабақтар, роликтер дайындау» тақырыбында өз іс- тәжірибесін ортаға салып, InShot, СapCut бағдарламаларында бейнесабақ дайындау жолдарын көрсетіп, қашықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы айтылып, өзара тәжірибе алмасты.