«Балалардың қабілетін жан- жақты дамытуда қосымша білім беру ұйымдарының маңызы» тәжірибе алмасу семинары.

2021 жыл 8 желтоқсан күні  Әдістемелік  орталық  базасында  әдіскер  Г.Искакова  қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін, кәсіби шеберлігін шыңдау, педагогтардың шығармашылық әлеуетін және инновациялық қызметін дамыту, жас мамандарға көмек беру, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік қолдау мақсатында   «Балалардың қабілетін жан- жақты дамытуда қосымша білім беру ұйымдарының маңызы» тақырыбында тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Семинарда А.Өміров атындағы балалар өнер мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Г.Керимбаева «Сиқырлы саз- қыш бұйымдарының технологиясы» шеберлік сынып өткізіп, әріптестер саз балшықтан бұйымдарды жасау жолдарымен танысты..Миялы балалар өнер мектебінің мұғалімі Э.Қазиева «Құммен сурет салудың әдіс- тәсілдері» атты  шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпта оқушының ойлау қабілеті, сөздік  қоры, мидың демалуы, көңіл- күйдің көтеріңкі  болатындығы  туралы  айтылды. Миялы балалар өнер мектебінің қолөнер мұғалімі А. Талғатқызы «Қолөнер бұйымдарын жасап үйретуде оқушылардың шеберлігін дамыту» тәжірибесінде  «Кунгай» қытай елі, «Филигрань» орыс халқының  техникасының шығу тарихы, жасалу жолдары туралы  айтып түсіндірді.Осындай жұмыстардың орындалу техникасын үйрете отырып, қазақтың ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Қыран бүркіт», «Қазақтың тұлпары»т.б бейнеленген шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Жіппен бейнелеу технологиясымен таныстыра отырып, жасалу жолы туралы әріптестермен бірге тәжірибе алмасты. «Қазақтың қолданбалы өнері арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау» Қызылқоға аудандық оқушылар үйінің қолөнер үйірме жетекшісі Ә.Мырзабек республикалық шеберлік сыныпқа қатысып, онда көрсетілген қыш өнері, зергерлік бұйымдар, киіз басу технологиясымен танысып келген болатын. Жасалу жолдарымен әріптестерді хабардар етіп, тәжірибе алмасты. Семинарда іс- тәжірибесімен бөліскен педагогтар Әдістемелік орталықтың «Алғыс хатымен» марапатталды.