1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Арман» мәдениет үйінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бүлдіршіндерінің арасында «Таланттар» атты шоу концерттік шара ұйымдастырылып, оған аудан балабақшаларынан 50 бүлдіршін қатыстырылды.

Кәсіпкер Амирғалиева Жаңылсынның және аудан әкімдігінің демеушілігімен мерекелік шараға қатысқан бүлдіршіндерге сыйлықтар мен балмұздақтар үлестірілді.

Аталмыш шараға аудан әкімі орынбасары Жарас Мағазұлы Есенғалиев қатынасып, бүлдіршіндер мен ата - аналарды айтулы мерекемен құттықтады.