1-маусым  Халықаралық  балаларды  қорғау күні. Осы мерекеге орай Миялы балалар өнер мектебі орталық Жастар паркінде “Балалар – шаттық ордасы”​ атты мерекелік концерт өткізді. Концертте өнерлі балғындарымыз ән салып ,мың бұрала би  билеп, күмбірлетіп күй тартып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік іс - шараға 190-ға жуық оқушыларымыз атсалысып, 150- ден аса өнерпазымыз көрермендерімізді таланттарымен таңқалдырса,​30 шақты суретшілеріміз әртүрлі тақырыптарға байланысты суреттерін салды. Концерттік бағдарламамен түрлі сайыстарымыздан  бөлек мектеп директоры Дана Шәкірқызы оқу ордамыздың ең үздік оқушыларына арнайы барып,​ мерекелік сыйлықтарды табыс  етті.