Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу мақсатында «Балабақшаларда денсаулық сақтау технологиялардың тиімділігі» тақырыбында тәрбиешілер мен дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған  аудандық  семинар «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының базасында ұйымдастырылды.

    Семинар барысында, «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі Сейткалиева Маншук тәрбиеленушілермен таза ауада ертеңгілік жаттығу ұйымдастырса, «Нұр-шуақ» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі Сапарова  Асел  балалардың спорттық іскерліктерін дамыту және балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында  «Біз көңілді балдырған» тақырыбында  спорттық сайыс ұйымдастырып, балаларға  көңіл-күйін туғызды.

    Санитарлық- эпидемологиялық  бақылау басқармасының   бөлім басшысы Мақсотова  Назерке  Мақсотқызы  балабақша педагогтарына  балабақшалардың "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық талаптарының қағидаларымен таныстырып, түсінік берді.

   « Балдырған» бөбекжай балалар бақшасының психологі  Нургалиева  Айнур «Қарым – қатынас жарастығы» тақырыбында  педагогтармен тренинг ұйымдастырып, көтеріңкі  көңіл-күй сыйлады.

    Семинарды қорытындылау барысында тәрбиешілер өз іс-тәжірибелерімен,  семинардан алған әсерлерімен бөлісіп кері байланыс орнатылды.

    Семинарда тәжірибе алмасу бағытында жақсы жұмыстарын  көрсете білген  педагогтар әдістемелік орталық меңгерушісінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

 

Әдістемелік орталықтың әдіскері:        Злиха  Хамитқызы