Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының 2022 жыл 13 шілде № 319 хатына сай, білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру, балалар шығармашылығының көркем және қолданбалы-сәндік өнеріне деген қызығушылықтарын дамыту, заманауи сәндік-қолданбалы өнердегі халық дәстүрін сақтау және елдің мәдени-тарихи мұрасын арттыру, балаларды іс-шараларға араластыру арқылы оларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейту мақсатында 2022 жыл 26 тамыз күні Әдістемелік орталық базасында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының аудандық көрме-байқауы  ұйымдастырылды.Нәтижесінде тоқыма бұйымдарын дайындау, металды көркемдеп өңдеу, ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау номинациялары бойынша қатысып, үздік деп танылған Г.Нұржан- Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы, К.Жалғасбай- А.Өміров атындағы балалар өнер мектебінің оқушыларының шығармашылық  жұмыстары облыстық байқауға қатысуға ұсынылды. Облыстық байқауда  оқушыларымызға сәттілік тілейміз.